Жамбыл облысының ювеналды полиция қызметкерлері рейдтік шаралар жүргізуде
Жамбыл облысының ІІО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністері күн сайын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәселен, өткен аптада 83 рейд жүргізілді, оның барысында 166 кәмелетке толмаған бала ІІО-ға жеткізілді, 226 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
– балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін үш заңды өкіл;
– кәмелетке толмаған жасөспірімнің түнгі уақытта оның ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін бір жеке кәсіпкер;
– дүкендердің төрт сатушысы 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін, темекі және темекі өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін;
– кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта олардың еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерлерде болуына жол бергені үшін 166 ата-ана жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК талаптарына қатысты өзге де бұзушылықтары үшін ересек адамдарға 52-ге жуық хаттама толтырылды. Қосымша есепке- сегіз жасөспірім, сондай-ақ 31 кәмелетке толмаған бала тұратын 16 қолайсыз отбасы қойылды.
– Тараз қаласының мамандандырылған мектебіне бірнеше рет қылмыстық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін бір жасөспірім жіберілді. Бір заңды өкіл ата-ана міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты ата-ана құқықтарынан айырылды. Аталған рейдтер білім басқармасымен, еріктілермен және өзге де мүдделі ведомстволармен бірлесіп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін ғана емес, сондай – ақ кәмелетке толмағандардың қатысуымен де, оларға қатысты да қылмыстарды болдырмау мақсатында жүйелі түрде жүргізіледі, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы Нүркен Абдулин.