Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Наркологиялық диспансерге бес адам орналастырылды

Тараздық полицейлер ауқымды іс-шаралар өткізді, –  деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” және “Тұрмыс” жедел-алдын алу іс-шаралары шеңберінде, сондай-ақ жедел жағдайды сауықтыру, қызмет көрсетілетін аумақта қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында Тараз қаласы ПБ 2-ПБ ЖПҚб қызметкерлерімен ауқымды пысықтау жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шаралармен “Шөлдала”, “Құмшағал”, “Көлтоған”, “Қызылабат”, “Жиделі”, “Казарма” массивтері және қаланың жеті саяжай алаптары қамтылды. Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелерді, атап айтқанда, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың, спирттік ішімдіктерді, психотроптық және есірткі құралдарын пайдаланатын, сондай-ақ басқа да оларды пайдалануға тартатын адамдардың болуы мен тұруы тұрғысынан қараусыз қалған үйлер мен бос қалған құрылыстарды аралап шықты.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен осындай құрылыстарда ересек және кәмелетке толмаған тұрғындар тарапынан ықтимал қауіптер туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Есірткі құралын (кептірілген марихуана) пайдаланғаны үшін шара барысында саяжай алқаптарының екі тұрғынына қатысты ҚР ҚК 296-бабы 1-бөлігі (Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тек бір күнде полиция қызметкерлері 36 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде жеті ата-ана кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта олардың еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін ескертілді.

Жамбыл облыстық наркологиялық диспансеріне бес адам орналастырылды. Сонымен қатар, жеті “үйдегі жанжалға” қатысты бес қорғаныс бұйрығы және мінез-құлыққа қатысты екі ерекше талап қойылды. “Бұрын сотталғандар” санаты бойынша есепте тұрған 15 адам, “нашақор” санаты бойынша сегіз адам, “маскүнем” санаты бойынша- жеті адам, тұрмысы нашар отбасыларда тұратын кәмелетке толмағандардың жеті ата-анасы мен заңды өкілдері тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру