СҚО-да 14 есірткі қылмысы анықталды
СҚО-да «Өрмек» операциясы барысында 14 есірткі қылмысы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да бес күн бойы өткен «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша 14 есірткі қылмысы анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында Петропавл қ. ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері облыс орталығының 34 жастағы тұрғынын ұстады, одан бір келіден астам кетірілген марихуана алынды. Есірткі заттарымен бірге көп мөлшерде бөліп салуға арналған полимер пакеттер алынды. Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде барлық мән-жайлар анықталатын болады.
Жабайы өсімдіктерді өсіру фактілерін анықтау және жолын кесу шеңберінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық бөлімнің қызметкерлері жеке меншік үйдің жанындағы учаскеден жабайы қарасора өскен алқапты анықтады. Ол шауып алынып, сот-химиялық зерттеуге жіберілді, салмағы 101 келі 610 грамды құрайтын есірткі құралы деп танылды. Осы есірткі затын жою туралы мәселе материал бойынша шешім қабылданғаннан кейін шешіледі.
СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаевтың айтуынша, операция уақытында аса ірі көлемде есірткі затын сақтаудың екі фактісі, есірткі затын өткізудің екі фактісі және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің бір фактісі анықталған. Жыл басынан заңсыз айналымнан 328 келіден астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1 келі 340 грамм синтетикалық препараттар алынды.