Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласының полициясы халықпен байланыс арналары туралы айтты

Алматы қаласының полициясы халықпен байланыс арналары туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының Полиция департаменті жедел ақпарат беру үшін «Facebook», «Мой Mир», «Instagram», «В контакте» сияқты әлеуметтік желілерде ПД-нің ресми аккаунттары құрылғанын хабарлайды.

– Аудандық Полиция басқармаларының басшыларынан және департаменттің жетекші қызметтерінен басқа, бүгінде «Facebookте» полицияның 102 аға учаскелік инспекторлары тіркелген. Біздің мақсат – азаматтармен тиімді байланыс арналарын құру және тәулік бойғы кері байланыс. Алматыдағы полиция қызметіне қатысты бірде-бір хабарлама мен хат назардан тыс қалмайды. Сонымен қатар. Ішкі істер Министрлігінің мысалына сүйене отырып, біз арнайы сараптамалық топ құрдық, ол әлеуметтік желілердегі күнделікті жағымды және жағымсыз ақпаратқа бақылау жасайды. Нәтижесінде үш мыңға жуық азамат біздің ғаламтор-алаң арқылы білікті көмек алды, – деді Алматы қаласы полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Полицияның халыққа ашықтығын қамтамасыз етудегі тағы бір маңызды қадам – ​​азаматтардан өтініштер қабылдаудың жаңа сервистік моделін енгізу. Естеріңізге сала кетейік, осы мақсатта Департаментте және аудандық Басқармаларда 13 фронт-офис салынды.

– Азаматтарды қабылдаудың жаңа форматы азаматтардың арыздары мен өтініштерін беру кезінде күту уақытын 1 сағаттан 10 минутқа дейін қысқартты, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты жойды. Әр сенбі сайын мен азаматтарды онлайн режимінде қабылдаймын, кез-келген өтініш ерекше бақылауға алынады, – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру