Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаруды сақтау ережелерін бұзған тұрғындар жауапқа тартылды

Атырау полицейлері қаруды сатып алу, сақтау, тасымалдау ережелерін бұзған 200-ден астам құқық бұзушыға хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан Атырау қаласының аумағында қарумен байланысты 220 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ӘҚБтК-нің 482-бабы (Қаруды заңсыз иемдену) бойынша бір хаттама, ӘҚБтК-нің 484-бабына сәйкес
(Қаруды бергені, қару сақтау ережелерін бұзу) 108 хаттама, ӘҚБтК-нің 486-бабына сәйкес қаруды тіркеу, қайта тіркеу тәртібін бұзғаны үшін 111 хаттама рәсімделді.

Сондай-ақ, Атырау полицейлері өңірдің аңшылық алқаптары бойынша профилактикалық рейдтерді жалғастыруда.

7 қыркүйекте кезекті күзгі аңшылық маусымы басталды. Заңсыз аң аулау фактілерін анықтаудан басқа, учаскелік инспекторлар азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау инспекторларымен бірлесіп, аңшылық- шаруашылық қорықшыларымен бірлесіп, қаруды сақтау және тасымалдау ережелерін, олардың құжаттарын тексеріп, өрт және техника, жеке қауіпсіздіктері туралы әңгімелесулер жүргізді.

Қаруды сатып алу, сақтау және тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген, деп атап өтті Атырау облысы Полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиев.

– Қарумен байланысты тіпті қауіпсіздік техникасын сақтамай, шамалы бұзу күтпеген жағдайларды, осыдан ұсақ құқық бұзушылықтар тудыруы мүмкін, – деді Қамза Бақтығалиұлы.


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы бұйрығымен бекітілген
“Аң аулау ережесі” талаптарына сай, барлық қажетті құжаттар, сондай-ақ балық немесе спорттық аң аулау кезінде қаруды тасымалдау ережелері сақталуы шарт. Атап айтқанда, аңшылық жолдаманың қолданылу аумағынан тыс жерлерде, аңшылық атыс немесе аңшылық пневматикалық қару оқталмаған және бөлшектелген болуы тиіс. Аң аулауда алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынады, сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі техникасын қатаң сақтау қажет.

Полиция қызметкерлері, тіркелмеген қаруды тауып алған жағдайда немесе қайтыс болған туыстарыңыздан қару қалса және т.б. туралы полицияға шұғыл түрде “102” нөмірі бойынша хабарлануы керектігін ескертеді. Хабарламадан кейін, мекен жайға барған жедел-тергеу тобымен қару белгіленген тәртіппен алынады. Сондай-ақ, қаруды өз еркімен тапсыру, егер адамның іс-әрекетінде басқа қылмыс болмаса, қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру