Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Криминалдық Полиция департаментінің бастығы ведомство бөліністері басшыларымен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары аясында полицейлердің алдында тұрған басымды міндеттер жайлы сөз қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық Полиция департаментінің бастығы Думан Таев ведомство бөліністері басшыларымен кездесті. Бейнеселектор режимінде аудандық полиция бөлімдерінің басшылары мен жеке құрамы қосылды.

Полиция полковнигі Жолдауды орындау барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атап өткен алдағы міндеттер жайлы айтты. Соның бірі – учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін арттыру, олар танымал және қол жетімді болуы тиіс. Ол үшін қазірдің өзінде шаралар қабылдануда, оның ішінде әлеуметтік жағынан қолдау көрсету мәселесі көтерілуде. «Анискиндердің» жұмысы «сервистік модельге» негізделуі керек, оның форматы «халық үніне құлақ асуға», олардың қажеттіліктеріне жедел ықпал етуге күш салуды көздейді.

Барлық полиция қызметкерлеріне қатысты тағы бір негізгі бағыт – бұл пенитенциарлық мекемелерде және полицияның қызметтік бөлмелерінде жаппай бейнебақылауды енгізу болып отыр. Ашықтықтың жұмыс сапасын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге кез-келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің және басқа да заң бұзушылықтардың көріністеріне сенімді тосқауыл ретінде қызмет ететіні айтылды. Думан Таев атап өткендей, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері ерекше назарда. Полиция қызметкерлерінің жұмысына белсенді ақпараттық қолдау көрсету, оның ішінде әлеуметтік желілерде, ашық «қабылдаулаp» өткізу соңғы кездері тұрғындармен тиімді диалог қалыптастыруда.

Қызметтің барлық саласына енгізіліп жатқан цифрлық технологиялар осы шаралардың барлығын іске асырудың алаңына айналды. Қылмыстық істерді тергеу біртіндеп электрондық форматқа көшірілуде. Биыл сотқа дейінгі тергеулердің 37,2 пайызы жүргізілді. ІІО ұсынатын мемлекеттік қызметтердің 83 пайызын электронды түрде алуға болады. Патрульдік полицияның планшеттермен, бейнетіркеуіштермен, терминалдармен жабдықталуы цифрландырудың маңызды қадамы болып отыр. Ал, «Жол жүрісі туралы» Заңға әзірленген түзетулер жүргізушілерге жүргізуші куәлігі, сақтандыру полисі және тіркеу куәлігі болу қажеттілігін жояды. Ақпараттық жүйелер полиция қызметкерлеріне аталған құжаттардың болуын анықтауға мүмкіндік береді. Барған сайын бейнебақылау жүйелері белсенді түрде жолдарда және басқа да қоғамдық орындарда заңдылық пен тәртіпті нығайтуға көмегін тигізуде. Бүгінгі күні елімізде 230 мыңға жуық бейнекамера бар, олардың көмегімен жыл сайын бес мыңнан астам қылмыс ашылып, 400 мыңға дейін әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев іс-шараны қорытындылай келе, солтүстікқазақстандық полицияның жеке құрамы жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерін салатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру