Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Қауіпсіз мектеп ортасы” республикалық акциясы өтуде

Шымкентте “Қауіпсіз мектеп ортасы” республикалық акциясы аясында № 71 жалпы орта мектебінің инспекторы Мақсат Төлегенов кезекші сынып оқушыларымен бірге жол қауіпсіздігі туралы сұхбат жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акция барысында “Жол ережесін білесің бе?” тақырыбында онлайн-сауалнама, бастауыш сыныптарда “Жолда жүру ережелері” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Сондай-ақ “Жол ережесін білейік, аман – есен жүрейік!” тақырыбындағы сурет сайысы да оқушыларды ерекше бір жігерлендірді.

Жалпы елімізде 10 тамыз бен 25 қыркүйек аралығындағы “Қауіпсіз мектеп ортасы” республикалық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру.

Акция шеңберінде өткізілетін әрбір іс-шара оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға және қауіпсіз мектеп ортасын құруға жауапты мінез-құлық дағдылары мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру