Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктен 200 келі қола табылды

Жезқазған полицейлері мекемеден түрлі-түсті металлдың ұрлау жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қыркүйек сағат шамамен 8.30-да Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ қызметкерлері қаланың бір мекемесінен шыққан көлікті тоқтатты. Тексеріс барысында көліктің ішінен полицейлер 200 келі қола тауып алды. Жүргізушісі, 57 жастағы ер адам қажетті құжаттарды көрсете алмады.

Түрлі-түсті металлды заңсыз тасымалдау фактісімен Қазақстан Республикасының ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру