Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізуші бас бостандығынан айырылды

Қарағанды облысы Абай қаласында жүргізушіні масаң күйінде автомобильді жүргізгені үшін сот алты айға бас бостандыған және өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай қаласының шегінде қызмет өткеріп жүрген Абай ауданының ПБ патрульдік полиция қызметкерлері жылдамдығын асырған “Шевролет” маркалы автомашинаға назар аударған. Олар машинаны тоқтатса, көлікті ер адам жүргізуші куәлігісіз басқарғаны анықталды. Сонымен бірге, аузынан бұрқыраған алкогольдің иісі келіп тұрды. Куәландыру кезінде жүргізушінің масаң күйі расталды. Бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Көрсетілген факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс мамандырылған әкімшілік сотта қарастырылып, құқық бұзушыны алты айға бас бостандыған және өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру