Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеңіл көліктің жүргізушісі автожолда жылқымен соқтығысты

СҚО-да жеңіл көліктің жүргізушісі автожолда жылқымен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қыркүйек күні СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка ауылынан 5 км жерде Алматы-Екатеринбург автожолында 1965 жылы туған «Ваз-21099» автокөлігінің жүргізушісі жылқыны соқты. Жылқышы кешкі уақытта жылқыларды жолмен айдап өткізген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жылқы мерт болып, жүргізуші дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Автокөлікке зақым келді.

Жылқышыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және әкімшілік жаза салынды.

Облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген және 2020 жылғы 4 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде тіркелген Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекарасында жаюға тыйым салынады.

Сондай-ақ, қағидада ауыл шаруашылығы жануарларын теміржолдар арқылы және арнайы бөлінген жерлерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында айдап өтуге тыйым салынған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру