Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шекарада Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды

Түркістан облысының полицейлері шекарада Өзбекстан азаматын есірткімен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданының полиция қызметкерлері есірткі қылмысының (сату, сақтау, тұтыну) алдын алу бойынша үздіксіз жұмыс жасауда. Мәселен, Келес АПБ Криминалдық полиция бөлімшесінің полицейлері шекара қызметкерлерімен бірлесіп, шекара бекетінде рейдтік жұмыстарын жүргізу барысында күмән тудырған автокөлікті тоқтатады. Сондай-ақ көлік жүргізушісінен құжаттарын сұрап, тексеру кезінде оның қалтасынан қағазға оралған хош иісі бар, есірткі затына ұқсас зат табылады.

Белгілі болғандай күмән тудырған ер азамат Өзбекстан Республикасының жергілікті тұрғыны болып шықты. Ол қалтасындағы затпен Қазақстан Республикасына өтпек болған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері бірден СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеді. Алынған зат зерттеу жұмысына жеткізіліп, сараптаманың қорытындысына сәйкес «гашиш» есірткі заты болып анықталды. Оның салмағы 1 граммды құрайды.

Сондай-ақ аудан аумағында есірткіге байланысты тағы бір жайт тіркелген. Онда, жергілікті тұрғын болып табылатын азаматтан хабарлама келген. Оның айтуынша көрші ауылдың тұрғыны өзінің тұратын үйінің шатырында есірткі сақтайтынын жеткізген . Аталған дерек, СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 296-бабы (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Оқиға болған жерге жедел-тергеу тобы және Келес АПБ-нің жедел уәкілдері шығып, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті азаматтың тұрғылықты мекен-жайы анықтады. Осыған байланысты үйін тінту барысында тұрғын үйінен арнайы пакетте буылып түйілген есірткі затына ұқсас көк түсті хош иісі бар өсімдіктер табылып, айғақты зат ретінде алынған.

Сараптама тағайындалып, оның қортындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған зат есірткі құралы – кептірілген марихуана екені анықталды. Жалпы салмағы 1,5 кг.

Бүгінгі таңда аталған жайттар бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Егер де сіз, есірткі бойынша қандай да бір ақпараттарды білсеңіз бірден полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру