Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

25 жыл тазалаушы болып жүрген тұрғынды мерекемен құттықтады

Ақтөбеде полиция бөлімі 25 жыл тазалаушы болып жүрген тұрғынды мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы №4 қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрсая Куанышбек ұжымның атынан Алматы ауданы №4 қалалық полиция бөлімінде үй-жайлардың тазалаушысы болып 25 жылдан астам уақыт жұмыс жасаған Жұмасұлу Байжанованы “1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен” құттықтап қайтты.

Қазақ халқында “Қарты бардың қазынасы бар” – демекші, үйінің есігін ашқан ақ жаулықты анамыз, күтпеген тосын сыйға таңырқай қарады. Кейіннен гүл шоғын ұсынып тұрып, ауырмай арамызда жүре беруге тілектестігімізді білдірген кезде, көзіне жас алды.

– Қаншама басшы ауысса да, осы ұжымда жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Әрқашанда көмегін аямайды. Әрқайсысы баламдай болып кеткен ұжымды бес саусағымдай танимын. 2016 жылы отағасынан, 2020 жылы баласынан айырылған анаға әрқашанда ұжым назарсыз қалдырған емес. Қайғы мен қуанышын бірдей бөліскен ұжымға, жасап жатқан қауырт жұмыстарының берекетін берсін, – деп ақ батасын беріп, шығарып салды.

“1 қазан – Халықаралық қарттар күні” қарсаңында Алматы ауданы №4 қалалық полиция бөлімі ұжымы қазақ еліндегі барша қарттарға денсаулық тілей отырып, отбасылық мейірім мен шапағат, қарттарымыздың жүзінен күлкі кетпесін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру