Павлодарлық полицейлер бір тәулікте 100 құқық бұзушылықты анықтады
Павлодар облысында полицейлер бір тәулік ішінде ауыл шаруашылығы техникасы жүргізушілері жол берген 100 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полицейлері ауыл шаруашылығы техникасының техникалық жай-күйінің қоршаған ортаның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуде. Жарық, дыбыс сигнализациясы мен жарық беру құрылғыларынан басқа, рульдік басқарудың, тежегіш жүйесінің жарамдылығы, тиісті тракторист-машинист куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің болуы, медициналық дәрі қобдишасымен, өрт сөндіргішпен, авариялық белгілермен жабдықталуы тексерілді, – дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Тек қана бір тәулік ішінде павлодарлық полицейлер механизаторлар жол берген 100 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
38 жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығын беретін құжатсыз басқарғаны, 25 жүргізуші ақаулы техниканы басқарғаны, 10 жүргізуші көлігін техникалық байқаудан өткізбегені , үш жүргізуші көлікті жалған нөмірлермен басқарғаны, төрт жүргізуші көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін жауапқа тартылды.
Тереңкөл ауданының полицейлері «Т-40» маркалы трактордың мас жүргізушісін ұстады. Мас механизаторға қатысты ҚР ӘҚБК 608 – бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды, – деп түсіндірді Ғалым Сарғұлов
Жедел – алдын алу іс-шарасы барысында 18 көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, ауыл шаруашылығы техникасының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайту және алдын алу мақсатында 2020 жылғы 05-10 қазан аралығында Павлодар облысының аумағында «Ауыл шаруашылық техникасы» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.