Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Берік Біләлов павлодарлық полицейлермен онлайн кездесу өткізді

Ішкі істер министрінің кеңесшісі Берік Біләлов өзінің жұмыс сапары барысында Павлодар облысы Полиция департаментінің жеке құрамымен онлайн кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Онлайн отырыста Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан тапсырмаларының орындалу барысы егжей-тегжейлі талқыланды.

Ел Президенті Тоқаев айтқан міндеттер елдің әрбір азаматының өмірін жақсартуға бағытталған, уақыттың жаңа талаптарына сай болу үшін ішкі істер органдарының қызметін модернизациялауға да серпін беруі керек. Қызметтің сервистік моделіне көшу барысында полиция үшін азаматтардың өз қауіпсіздігін сезініп қана қоймай, тәртіп сақшыларына сенім артуы да маңызды, – деді Біләлов.

 

 

Сондықтан, басты рөл учаскелік инспекторға жүктелген “Полицейлер бір қадам жақын” қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің реформаларын жүзеге асыра отырып, оның құқық бұзушылықтың алдын алуына ғана емес, ол әр азамат үшін өзіндік психолог және дос болуы керек. Басты міндет – ашық диалог құру үшін адамдармен ортақ тіл табыса білу керек.

Құқық қорғау жүйесінің жұмысын жетілдіру мақсатында маңызды рөл атқаратын мәселе – цифрландыру. Электрондық форматқа көшу – ішкі істер органдарының жұмысын жақсартып қана қоймайды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алады, – деп атап өтті кеңесші.

Кездесу барысында Жолдауда айтылған ішкі істер органдарын жаңартуға қатысты барлық мәселелер көтерілгенін айта кеткен жөн.

Жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі нәтижесі әр азаматқа байланысты. Бірлескен жағдайда ғана біз еліміздің жарқын болашағын жасауға күшіміз жетеді, – деді Б.Біләлов.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру