Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық тұрғындар өңір полицейлеріне алғыстарын білдіруде

Түркістан облысының бір топ зиялы қауым өкілдері өңір полицейлерінің жұмысына оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қасиетті Түркістан қаласының облыс орталығы мәртебесіне ие болғалы үшінші жылға қадам басып барады. Бұрын аудан орталығы ғана болған шағын шаһар адам танымастай өзгеріп, ғажайып ғимараттар бой көтеруде.

Түркілердің төріне айналған киелі Түркістанның қазіргі дамуы мен түрленуі таңдай қақтырады. Осынау таңғажайып өзгерістер біздің көз алдымызда жасалып жатыр. Біз мұны мақтан етеміз. Қала ардагерлері, ақсақалдары өздері өсіп-өнген қасиетті Түркістанның қазіргі гүлденіп, көркеюі жөнінде бір-бірімен жарыса отырып, мақтанышпен әңгіме тиегін ағытады.

Қала тұрғындары Түркістан облысы Полиция департаментінің Түркістанға қоныс аударғаннан бері тынымсыз жұмыс істеп, қалада тәртіп шараларын барынша күшейткенін жақсы біледі.

«Киелі Түркістанның гүлденуі, тазалығы, көркеюімен қатар, тәртібі мен тыныштығы, қауіпсіздігі де ерекше. Бұл әсіресе, тәртіп сақшыларының талмай еңбек етуінің арқасында. Жол жүру ережелерін сақтау автокөлік жүргізушілеріне ғана емес, жаяу жүргіншілерге де қатысты екенін, жолға қойылған белгілердің, тәртіптің сақталуын түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Түркістан – республикамызда халқы ең көп, тығыз орналасқан облыс болып табылады. Полиция генерал-майоры Қ.Дәлбековтің бұл салада мол тәжірибесінің барлығы, ұйымдастырушылығы, іскерлігі, талапшылдығы, атқарған жұмыстарынан айқын көрінеді. Біз бұны қазіргі БАҚ көздерінен, әсіресе әлеуметтік желілерден оқып та отырмыз. Қазір жергілікті тұрғындар алаңсыз өмір сүруде. Қала көшелерінде жайсыздық жоқ деуге де болады.
Біз, қасиетті қаланың тұрғындары, зиялы қауым атынан  Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбековке, жалпы полиция қызметкерлеріне алғыс айтқымыз келеді. Ел тыныштығы жолындағы игілікті істеріне абырой тілейміз. Тәртіп сақшыларына мың алғыс!»- деді Түркістан қаласы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры, ф.ғ.д. Сейдулла Садықов

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру