Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері ЕҚЫҰ-мен бірлесіп дайындалған коммуникативтік әдістер бойынша оқытылмақ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің басшысы, елші Дьердь Сабомен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі тарап әрі қарайғы ынтымақтастық және ішкі істер органдарын реформалау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Қазіргі уақытта ЕҚЫҰ қолдауымен Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсіл бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

Ведомстволық білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларына ЕҚЫҰ қолдауымен әзірленген учаскелік полиция инспекторларының жұмысына пайдаланатын жадынаманы зерделеу енгізілді.

Бұл түрлі жағдайлардағы қадамдық іс-қимыл алгоритмін қамтитын учаскелік инспектордың қызметтік кітабы болып табылады.

Министр ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің Еуропа елдеріндегі полиция қызметін алға ілгерілетуде озық көрсеткішке ие екенін атап өтті. Сондай-ақ шет елдерде полицияны реформалау саласындағы мол тәжірибесі бар халықаралық сарапшыларды ұсынғаны үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру