Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 7 күн ішінде 58 мас жүргізуші анықталды

Ақтөбе облысында жеті күн ішінде 58 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел жағдайды сауықтыру, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 26 қазаны мен 01 қарашасы аралығында республика аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Облыс бойынша жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген үш адам ұсталды. Бұрын жасалған 19 қылмыс ашылды.

Сонымен қатар, «нөлдік төзімділік» тәртібінде 4 210 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер – 182, ұсақ бұзақылық – 479, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде жүрудің 580 дерегі ашылды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 508, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқарудың 58, оның ішінде есірткілік мас күйінде көлік жүргізудің – бір, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың 890, қарсы жолаққа шығудың 29, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 138, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзуының – 599 дерегі тіркелді.

Мысалы, 1 қараша күні сағат 00.40-та Тургенев көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері 37 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Ваз-2114» автокөлігін тоқтатты. Анықталғандай, жүргізуші бұрын көлік басқару құқығынан айырылған бола тұра, көлікті «каннабиоид» түріндегі есірткілік масаң күйде басқарған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлім (Мас күйінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру