Қобда ауданының учаскелік полиция инспекторы ІІМ-нің алқа отырысына қатысты
Ақтөбе облысы Қобда ауданының учаскелік полиция инспекторы ІІМ-нің алқа отырысына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қобда аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нариман Ульянов Нұр-Сұлтан қаласында өткен Ішкі істер министрлігінің алқа отырысына қатысып, барлық учаскелік полиция инспекторларының атынан жан-жақты қолдауы үшін Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сонымен қатар қауіпсіз қоғам құру жолында мемлекет алға қойып отырған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді. Полиция капитаны Н.Ульянов төтенше жағдай режимі кезінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, жергілікті тұрғындар түсіндіру жұмыстарына түсінушілікпен қарағандығын да тілге тиек етті.
Айта кету керек бүгінде учаскелік полиция инспекторларына жақсы жағдайлар жасалған. Полиция пункттері жабдықталып, қызметтік автокөлік, бейне жетондар мен электрондық планшеттер берілген. Тұрғынүй мәселелері де кезең-кезеңімен өз шешімін табуда.
Учаскелік инспекторлардың азаматтардың алдында танымал, қолжетімді болуы мемлекет басшысы қойып отырған басты міндеттердің бірі.
Қобдалық учаскелік полиция қызметкерлерінің арасында Нариман секілді жан-жақты, беделді азаматтардың қызмет етіп жүргені көңілге қуаныш ұялататыны анық.