Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер мүмкіндігі шектеулі тұрғынға көмектесті

Түркістан облысының полицейлері мүмкіндігі шектеулі апаның зиярат етуіне көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының инспекторлары Отырар ауданы Қоғам ауылындағы орналасқан «Арыстанбаб кесенесінде» шетелден келген шетелдіктердің және зиярат етіп келушілердің жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртібін сақтайды. Сонымен қатар келушілер арасында жан ауруына, тән ауруына шипа іздеп келетіндері де бар. Солардың бірі Түлкібас ауданының тумасы Тұрғанкүл апа денсаулығына байланысты ниет етіп келген. 

78 жастағы мүмкіндігі шектеулі апаны көрген Отырар аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының аға қызмет инспекторы Мұхит Серікбаев өзіне бекітілген қызметтік автоэлектромашинасына апаны мінгізіп, зиярат етуіне көмек қолын созды. Полиция қызметкерлерінің атқарған қызметтеріне риза болған көпбалалы анамыз өз алғысын айтып, ақ батасын берді.

Қашанда қолдан келгенше қайырымдылық жасауды парыз деп түсінген Отырар АПБ-нің полиция қызметкерлері «мүгедек жандарға арналған игі істеріміз бұдан әрі де өз жалғасын таба береді» деп сеніммен айтты. Қайырымдылық ол қадірлі іс, сондықтан полицейлер әрдайым мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрқашан дайын! Бастысы тұрғындардың амандығы!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру