Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас полицейлердің көмегімен әмиян ұрлаған күдікті ұсталды

Түркістан облысында жас полицейлердің көмегімен әмиян ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, көше бойында орналасқан жанар-жағармай бекетіне тоқтаған. Ішіне кіріп, кассаға әмиянын қойған. Сол сәтті пайдаланып, белгісіз азамат жасырын түрде алып кеткенін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188 бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Оқиға орнына полицейлер жедел жетіп, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Осылайша тәртіп сақшылары тез арада әрекет етіп, қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті шараларды іске асырды.

Куәгерлерден жауап алып сұрастырды, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Нәтижесінде полицейлер, жағармай бекетінің ішінде кезекте тұрған өзге азаматтың әмиянды ешкімге білдіртпестен жасырын алып, шығып кеткенін анықтады. Осылайша ұры Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Айғақты зат ретінде ұрланған әмиян тәркілеп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қылмыстық қолсұғушылықтан қорғанып, өз мүлкіне ұқыпты болуын ескертеді. Әсіресе, сауда орындарына барғанда бағалы заттарңызға, әмиян мен ақшаларыңызға сақ болыңыздар. Егер де сіз ұрлық немесе тонаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру