Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты 50-ден астам әкімшілік хаттама толтырды

Түркістан облысының полицейлері екі мыңнан астам құқық бұзушыны жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері облыс орталығы мен аудандар аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және ҚР заңнамасын бұзушыларды анықтау бойынша жұмыстарды жандандыруға бағытталған «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуді жалғастыруда.

Мысалы, «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Отырар АПБ-нің полиция қызметкерлері жеті мыңнан астам үй мен пәтерді, сондай-ақ ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 500-ден астам адамды тексерді. Түрлі құқық бұзушылықтар үшін 2 381 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 36 тәртіп бұзушы алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін және 166 адам «ұсақ бұзақылық» үшін жауапқа тартылды.

Бәйдібек ауданында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Бәйдібек АПБ ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты 50-ден астам әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша – 14, ал қалғандары ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы (Құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) және басқа да құқық бұзушылықтар бойынша.
Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары карантин режимінің талаптарын сақтау, медициналық маскаларды міндетті түрде кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы, әсіресе қоғамдық орындарға барған кезде халық арасында түсіндіру әңгімелерін тұрақты негізде жүргізеді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындар мен қонақтардан ең алдымен қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін жедел-профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Естеріңізге сала кетейік, «Учаске» жедел алдын алу шарасы ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру