Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы орын алды

Бүгін Қарағанды облысында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қараша күні Қарағанды қаласының Октябрь ауданында 30 жастағы «БМВ» маркалы автокөлігінің жүргізушісі  жолдың қарсы бетіне шығып, «Сетра» маркалы қоғамдық көлікпен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «БМВ» автокөлігінің жүргізушісі алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы туралы бейнежазба «Instagram» әлеуметтік желісіндегі жергілікті парақшалардың бірінде жарияланған.

Оқиға кезінде қоғамдық көлікте болған жолаушылардың ешқайсысы жарақат алған жоқ.

Аталған факт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру