Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түрлі құқық бұзушылықтар үшін жасөспірімдердің ата-анасы жауапқа тартылды

Кентаулық полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда профилактикалық іс-шаралар өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл мақсатында Кентау қалалық ПБ ювеналды полиция қызметкерлері мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп, тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізуде. Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және азайту, жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жерде болуы және басқа да құқық бұзушылықтар деректерін анықтау.

Мысалы, рейдтік іс-шаралар нәтижесінде тәртіп сақшылары Кентау ҚПБ-ға түрлі құқық бұзушылықтар үшін ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тартқан 24 кәмелетке толмаған баланы жеткізді. Сонымен қатар, полицейлер ойын-сауық мекемесінің иесіне балалардың түнгі уақытта мекемеде болғаны үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл салды және дүкен сатушысына кәмелетке толмаған жасөспірімге темекіні заңсыз сатқаны үшін жауапкершілік қарастырылды.

Сондай-ақ полиция бөліміне профилактикалық есепке бес қиын жасөспірім мен үш тұрмысы қолайсыз отбасы қойылды.

Ағымдағы жылдың 10 айында тәртіп сақшылары Кентау қалалық ПБ-не 240 кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді жеткізіп, бүгінде олардың ата-аналарымен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Полицейлер атап өткендей, мұндай профилактикалық іс-шаралар өз жемісін беруде. Оған қоса тәртіп сақшылары ата-аналар мен заңды өкілдерді өздерінің кәмелетке толмаған балаларына тиісті көңіл бөлуге және еліміздің болашақ ұрпағының дамуына өз үлесін қосуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру