Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолда көлік тоқтатып тұрған СҚО тұрғынын «ГАЗель» қағып кетті

Жолда көлік тоқтатып тұрған СҚО тұрғынын «ГАЗель» автокөлігі қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы Тимирязев ауданында орын алды. Шамамен сағат 20.00-де «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» жолымен келе жатқан «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісі Дмитриевка ауданы маңындағы аялдамада көлік тоқтатып тұрған 1979 жылы туған ауыл тұрғынын соғып кетті.

Көлік тізгінінде болған 32 жастағы Шал ақын ауданының тұрғыны жаяу жүргіншіні жауып тұрған жаңбырдан байқамай қалғанын айтты. ЖКО жасағаннан кейін ол жедел жәрдем шақырып, «102» арнасына қоңырау шалған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

– Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-б. (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша енгізілді, – деді Тимирязев ауданы ПБ бастығы Талғат Кенжетаев. – Жүргізушіге қатысты міндетті келу түріндегі мәжбүрлеу шарасы белгіленді. Болған оқиғаның толық мән-жайын анықтауға көмектесетін бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жол қозғалысы қатысушыларына ЖҚЕ қатаң сақтану қажеттігі туралы ескертеміз. Елді мекендердің қасында жылдамдықты азайту қажет. Жаяу жүргіншілерге жолдың көлік жүретін бөлігінешығуға болмайды. Көру аясы нашар болған жағдайда барлық жол қозғалысы қатысушылары аса сақ болулары тиіс.

Сондай-ақ, полицейлер киімде жарық шағылыстырғыш элементтер болған жағдайда, осындай оқиғалардың қаупін төмендететінін атап өтті.Жалпы 10 айдың ішінде СҚО аумағында жаяу жүргіншілерді соғып кетумен байланысты 47 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 10 адам қаза тауып, 42 адам жарақат алды. Оның 15-і жаяу жүргіншілердің кесірінен орын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру