Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ мекемелерінде ұзақмерзімді кездесулер тоқтатылды⠀

ҚАЖ мекемелерінде ұзақмерзімді  кездесулер тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қарашадан бастап Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерде ұзақмерзімді кездесулерге қабылдауды тоқтатқанын хабарлайды.

Бұл талап COVID-19 жұқпалы ауруымен байланысты қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, бес облыста коронавирус жұқтырудың “сары” және “қызыл” аймақ деңгейінің жариялануына байланысты, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарды вирус жұқтырудан сақтандыру мақсатында енгізіліп отыр. Осы ретте қысқа мерзімді кездесулер ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес берілетін болады.

Мекемелерде “Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы “Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көзделген тәртіппен сотталғандар, оның ішінде күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар қорғаушылармен, туыстармен және өзге де адамдармен байланыс жасау үшін телефон және бейне қоңыраулар  қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарындағы ҚАЖ мекемелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кездесулерге уақытша тыйым салуды көздейтін байқау режимі енгізілді.

Сонымен қатар, сәлемдемелерін қабылдау әдеттегідей жүзеге асырылатын болады.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысына сәйкес, елімізде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерде карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы екенін ескертеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру