Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полициясында талдау орталығы құрылады

Қазақстан полициясында талдау орталығы құрылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы бүгін Алматыға жұмыс сапарымен келген ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті.

Ведомство басшысының айтуынша, ІІМ Ахуалдық орталығының жұмыс істеуі аясында қылмыстың алдын алатын және ең осал аймақтарда мақсатты профилактика жүргізетін талдаулар қамтамасыз етіледі.

– ӘҚБТ және СТБТ – бұл статистикалық есептілікке көбірек ұқсайды. Бізге қылмыстың алдын алу және процесті басқару бойынша сараптама орталығы қажет. Яғни, бұл есеп үшін емес, тез әрекет ету үшін. Біз процестерді басқаруымыз керек: статистика үшін емес, адамдар үшін жұмыс істеуіміз керек, – деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, ішкі істер министрінің назарына хабарламаларды қабылдау, өңдеу және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою сапасын арттыруға бағытталған 102 қызметінің жаңа бағдарламалық жасақтамасы ұсынылды.

– Жалпы, қаңтар оқиғасынан кейінгі криминогендік жағдай тұрақтанды. Ендігі басты міндетіміз – қоғамдық қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз ету. ІІМ – алдыңғы қатарда тұрған көптеген орган. Күнделікті тұрғындармен байланысымыз бар. Біздің іс-әрекетімізге, жұмысымызға қарап, жалпы, мемлекеттік билік жайында сөйлейтін болады, – деді ішкі істер министрі.

Сонымен қатар, Марат Ахметжанов Алматыға сапары барысында биылғы қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті басу кезінде қаза тапқан полиция қызметкері Нұрболсын Алмасовтың анасына мемлекеттік 3-дәрежелі “Айбын” сыйлығын табыс етті, сондай-ақ ауыр жарақат алған патрульдік полиция қызметкері Мейіржан Бейсембаевқа “Ерлігі үшін” медалін табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру