Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл қаласының аймағына 5 карантиндік бекет қойылды

Петропавл қаласының аймағына бес карантиндік бекет қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл бойынша шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысында                   9 қарашадан бастап облыс орталығына кіруге қатысты шектеулер енгізілді. Петропавл қаласының айналасына бес карантиндік бекет орнатылды, біреуі Қызылжар ауданының аумағында орналасқан.

Халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлері, қалаға медициналық көрсеткіштер бойынша келетіндер, тиісті растау құжаттары бар жұмысқа келушілердің жүріс-тұрысы шектелмейді. Қалған азаматтарда ПЦР-тест болуы тиіс, – деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында 12 карантиндік бекет бар. Бекетте кезекшілік атқаратын полиция қызметкерлері рұқсатты планшеттер арқылы тексереді, ал белгілі бір себептермен базаға уақтылы тіркелуге үлгермеген азаматтарда жұмыс орнынан анықтамасы болуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру