Атырауда қоғам өкілдері учаскелік полиция инспекторларының қызметімен танысты
Атырау облысында консультативтік-кеңесші органның көшпелі отырысы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиынның күн тәртібі бойынша кеңес мүшелері Атырау қаласындағы учаскелік полиция және стационарлық модульдік бекеттердің жұмысымен танысты.
– Тұрғындармен үнемі байланыста болып, олармен сенімді қарым-қатынас орнату үшін учаскелік инспекторлар әлеуметтік желілерді, танымал мессенджерлерді пайдалануда. Бұл тұрғындар үшін де өте ыңғайлы, олар әлеуметтік желілерден тәуліктің кез келген уақытында қажетті ақпаратты, атап айтқанда полиция учаскелерінің орналасқан жерін, қызмет көрсету аумағын, учаскелік инспекторлардың деректері мен байланыс телефондарын оңай таба алады. Мұндай шаралар түрлі жағдайларға жедел ден қоюға, құқық бұзушылықтардың, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, тиісті шараларды уақтылы қабылдауға ықпал етері сөзсіз. Бұл жұмыс өз нәтижесін беруде, – деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.