Атырау тұрғыны тергеу изоляторының қызметкеріне алғысын айтты
Атырау қаласы тергеу изоляторының (УГ-157/1 мекемесі) қызметкері 21 жастағы жігіттің әмияны мен құжаттарын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 жастағы Сәкен тергеу изоляторында отырған досынан қайтып келе жатырған кезде әмиянын жоғалтып алып, оны мекеменің бақылаушысы Алтынай Мұқтажғалиева тауып алған.
– Табылған әмиянды қарап, жігіттің аты-жөнін білгеннен кейін, әріптестерімді хабардар етіп, жігітті іздеуге кірістік. Аздаған уақыттан соң онымен байланысып, құжаттары мен әмиянын қайтарып бердім. Менің орнымда басқа біреу болса да, солай істер еді, – дейді Алтынай Мұқтажғалиева.
Сәкеннің айтуынша, ол құжаттары мен әмияны жоғалғанын үйіне барған соң бір-ақ байқаған. Әмиянын қай жерде жоғалтып алғанын да білмеген Сәкенмен мекеме қызметкерлері байланысқан.
– Айдың басы болғандықтан жалақымды алдым. Сол себепті әмиянымда қомақты қаржы болған еді. Әмиянымды тауып алып, қайтарып берген мекеме қызметкерлеріне алғысым шексіз, – дейді Сәкен Ысмағұлов.