Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс өңірінің полицейлері заң факультетінің студенттеріне дәрістер өткізуде

Павлодарлық полицейлер өз тағдырын заңгерлікпен байланыстыру туралы шешім қабылдаған студенттерге практикалық сабақтар өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жұмыс Полиция департаменті мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті арасындағы меморандум аясында жүргізіледі.

– Ынтымақтастық аясында  «Жас заңгер» студенттік клубы жұмыс істейді, онда болашақ заңгерлер алған теориялық дағдыларын тәжірибеде бекітеді, тергеушілердің, анықтаушылардың, криминалистердің жұмысымен танысады. Заң клубы студенттерге болашақ мамандықтарына алғашқы қадамдарын жасауға көмектеседі, ол үшін Департаментте барлық қажетті жағдайлар жасалған, атап айтқанда оқу полигоны, полиция қызметкерлерінің қолданысындағы заманауи техникалық жабдық, ең бастысы өз ісінің тәжірибелі мамандары бар, – деп атап өтті Павлодар облысының ПД бастығы Нұрлан Мәсімов.

Болашақ заңгерлер үшін кезекті практикалық сабақ «Оқиға орнында табылған іздерді анықтау, алу және бекіту»  тақырыбына арналды.

Дуалды оқыту аясында сабақ өткізген Павлодар облысының ПД Жедел-криминалистикалық және Тергеу басқармаларының қызметкерлері арнайы полигонда студенттерге оқиға орнында криминалистердің қалай және қандай техникалық құралдардың көмегімен жұмыс істейтінін түсіндіріп, іс жүзінде көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру