Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы жол үстінде абай болуға шақырады

Кеше кешкілік уақыттан бері ғана Алматы қаласы аумағында 39 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, олардың салдарынан 9 адам жарақат алып, 2 адам қаза тапқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалпы ауа райының қолайсыздығы ең бірінші жолдағы ахуалға тікелей әсер етеді.

– Осы орайда барлық көлік жүргізушілеріне өз техникалық құралдарын қысқы мезгілге дайындап, дөңгелектерін айырбастауын сұраймыз. Ең бастысы әрбір жүргізуші жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жүргізушілік мәдениетті ұстануы тиіс. Жол үстінде өзара сыйластық таныту жол қауіпсіздігін сақтаудың және алып шаһарда жол-көлік оқиғаларын болдырмаудың бірден-бір кепілі екендігіне баса назар аударамыз, – дейді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру