Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облыстық ПД мен университет арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Жетісу облыстық ПД мен университет арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 мамырда департамент бастығы Сарқытбай Құсайынов пен университет ректоры Ермек Бөрібаев полиция департаменті мен университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға ресми түрде қол қойды. Тараптар бірлесіп жұмыс істеу, кадрлар даярлау, білім алушылардың біліктілігін арттыру және кураторлық туралы уағдаласты.

– Университет түлектерін даярлаудың жоғары деңгейін ескере отырып, облыстың жетекші университеттерінің түлектері арасынан ІІО-ға қызметке кандидаттарды іріктеуді, кейіннен оларды полиция қызметінің түрлі бағыттары бойынша ведомстволық оқу орындарының базасында бастапқы даярлауды жүзеге асыруды ұсынамыз. ҚР ІІМ білім беру ұйымдарында бастапқы даярлықтан өту кезеңінде түлектерге жетекшілік етуді ұйымдастыру және оларды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, – деп атап өтті ПД бастығы Сарқытбай Құсаинов.

Университет ректоры Ермек Бөрібаевтың пікірінше, қол қойылған меморандум мамандарды даярлау, тәжірибеден өту және одан әрі жұмысқа орналастыру кезінде ішкі істер органдарымен өзара байланысты жақсартуға мүмкіндік береді.

Университет қабырғасында өткен кездесу департамент бастығының студенттермен нәтижелі диалогымен аяқталды. Жетісу өңірінің бас полицейі студенттерге ішкі істер органдарының қазіргі қызметі және полиция ведомствосының алдында тұрған өзекті міндеттер туралы айтып өтіп, полиция департаментінің түрлі бөлімшелеріне қызметке шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру