Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция профилактикалық жұмысты күшейтті

Жетісу облысында полиция профилактикалық жұмысты күшейтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Жетісу облысы полиция департаменті профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция бөліністерімен бірлесіп, шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралдарының иелері арасында профилактикалық рейдтер өткізді. Іс-шараларға өңірге танымал блогерлер Андрей Алешичев пен Ринат Хамзин да қатысып, полиция қызметінің барысымен танысып, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы өз оқырмандарына ақпарат жеткізді.

Рейд барысында полиция қызметкерлері көлік құралдарын пайдалану талаптарының сақталуын тексеріп, жүргізушілерге қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, профилактикалық әңгімелер жүргізді. Сонымен қатар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік басқару фактілері анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, шетелдік тіркеудегі үш автокөлікке қатысты іс жүргізуді қамтамасыз ету шарасы қолданылып, көлік құралдары мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Полиция көлік құралы қай мемлекетте тіркелгеніне қарамастан, әрбір жүргізуші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті екенін еске салады. Белгіленген талаптарды бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Оның басты мақсаты — құқық бұзушылықтардың алдын алу, көлік иелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру