Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада екі кішкентай бүлдіршін ұрлықпен айналысқан

Қызылордалық полицейлер ұрлықпен айналысқан екі кәмелетке толмағанды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қараша күні полицияға қаладағы екі сауда орталығының кәсіпкерлерінен  күндіз белгісіз біреулердің ұялы телефондары мен әшекей бұйымдарын ұрлап кеткені туралы арыз келіп түскен.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмыстарға 10 және 7 жастағы екі баланың қатысы бар екенін анықтады.

Балаларының тәрбиесімен айналыспаған жасөспірімдердің  анасына қатысты тиісті құжаттар жинақталып, ата-аналық құқығын шектеу үшін Қызылорда облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру