Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды қаласының аумағында «Отбасында зорлық-зомбылыққа орын жоқ» республикалық акциясы өткізілуде

2020 жылғы 13-15 қараша аралығында өткізіліп жатқан акция барысында тұрғылықты жері бойынша күнделікті өмірде құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғаларға, сонымен қатар аз қамтылған отбасыларға тексерулер жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру барысында мінез-құлқына ерекше талаптар қойылған және оларға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған тұлғаларға қатысты шектеулерді сақтауға ерекше назар аударылады.

Іс-шара аясында 13 қарашада «Мир добра» дағдарыс орталығының өкілдері Қарағанды қаласының ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері, аумақтық бөліністердің қызметкерлерімен бірге  қиын тұрмыстық жағдайда қалған адамдарға көмек көрсету бойынша кездесу өткізді.

– Биыл Қарағанды қаласының ПБ жергілікті полиция қызметі отбасылық зорлық-зомбылыққа жол берген тұлғаларға қатысты 3 113 қорғау нұсқамасын шығарды. Қорғау нұсқамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 420 азамат тартылды, – деп атап көрсетті Қарағанды қаласының ПБ бастығы  Думан Кожахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру