Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкпар ұйымдастырушылар жауапқа тартылды

Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпар ойынын ұйымдастырушыларды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындардың карантин талаптарын сақтауының алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Осындай кезекті шара барысында Бәйдібек ауданының полицейлері карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзған тұрғындарды анықтады. Бөген ауылдық округіндегі еркін жайылымдардың бірінде Бәйдібек АПБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның ас беру құрметіне ұйымдастырылған ұлттық ойынды өткізуді тоқтатты. Тәртіп сақшылары іс-шараға қатысушыларға карантин талаптарына жол бермеу туралы түсіндіру әңгімелерін өткізді. Сондай-ақ шектеу шараларын бұза отырып, 100-ге жуық адамды жинаған көкпар ұйымдастырушыларын жауапқа тартты.

Іс-шараны ұйымдастырушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған материалдар тиісті заңды шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес Түркістан облысының аумағында халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға және жолын кесуге бағытталған карантиндік режим енгізілген. Облыста санитарлық-эпидемиологиялық нормалар талаптарын бұзушыларды анықтау бойынша күнделікті профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізетін полиция қызметкерлерінен, СЭС және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен тұратын мобильді топтар құрылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, медициналық бетперде киюге, антисептиктерді қолдануға және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады. Сондай-ақ, егде жастағы тұрғындар мен балалар шұғыл қажеттіліксіз үйден шықпауы керек. Есіңізде болсын, Сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың, туыстарыңыздың денсаулығы карантин режимін сақтауға байланысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру