Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері арасында онлайн форматта музыкалық байқау өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекеме қызметкерлері арасында Елбасының сүйікті әндерін орындау бойынша онлайн форматта музыкалық байқау өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ қызметкерлері арасында өткен онлайн музыкалық байқауды әділ, әрі кәсіби тұрғыда бағалау үшін облыстық филармония қызметкерлері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жұлдыз Нұрқасымова және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Марат Айтимов арнайы шақырылды. Сондай-ақ, байқауға төрелік жасаған әділқазылар алқасында ҚАЖ департаменті бастығының орынбасарлары Бақытжан Илюпов және Дулат Жумагелдин болды.

– Байқаудың мақсаты – ұлттық музыка арқылы қызметкерлерді адамгершілік-эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу. Сонымен қатар, олардың мәдени және рухани деңгейін арттыра отырып, Қазақстан полициясының оң имиджін нығайту болып табылады.
Байқау барысында мекеме қызметкерлері Елбасының сүйікті әндерін, яғни “Туған жер”, “Атамекен”, “Көк тудың желбірегені” сияқты патриоттық әндерді шырқады, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кадр саясаты бөлімшесінің бастығы Руслан Салкымбаев.


Байқау қорытындысымен, 1-орынды Алматы ауданының пробация қызметі бөлімінің ювеналдық тобының инспекторы Ақерке Ғалымжан жеңіп алса, 2-орынды КА-168/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Берген Куванов, ал 3-орынды КА-168/3 мекемесінің бақылаушылар бөлімінің бақылаушысы Махамбет Койшыбаев иеленді.

Мекеме қызметкерлері арасындағы байқауға төрелік еткендері үшін ҚР Мәдениет саласының үздігі Жұлдыз Нұрқасымова және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Марат Айтимов ҚАЖ департамент бастығының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру