Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбедегі түзеу мекемесінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі талқыланды

Ақтөбедегі түзеу мекемесінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың төрағалығымен өткен консультативтік-кеңесші органдарының кезекті отырысында қаралды.

Сонымен қатар, кеңес отырысына Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов, департаменттің қызмет салаларының басшылары және қоғамдық кеңес мүшелері мен облыстық әкімдіктің басқарма басшылары қатысты.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Гүлнар Избагамбетованың айтуынша, КА-168/2 түзеу мекемесінде негізгі жұмыс беруші “Енбек-Жайық” РМК. Бұдан бөлек, жазасын өтеушілер мекеменің шаруашылық қызметтерінде және басқа да шағын және орта жеке кәсіпкерліктерде жұмыс жасайды. 

Түзеу мекемесіндегі барлық цех өндірістік қуаттарға қосылмағанымен, тұрғын аумақтарда өндірісті кеңейтуге мүмкіндік зор. Осы тұрғыда мекемеге шағын және орта бизнес өкілдерін тарту арқылы көптеген түйткілді мәселелерді шешуге болады. Себебі жұмыспен қамтылған сотталғандар жалақысын отбасыларына жібереді және сотпен тағайындалған талап-арыздарды өтейді.

– Әлібетте, көрсетілген жеке кәсіпкерлер жергілікті атқарушы органдардың қолдауынсыз жұмыспен қамту мәселесін шеше алмайды. Қазіргі таңда түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін бізге мемлекеттік тапсырыстар қажет. Егер мемлекеттік органдардан түзеу мекемелеріне тұрақты түрде  тапсырыстар түсіп отырса, өз кезегінде сотталғандардың жұмыспен қамту мәселесі де шешілер еді. Сайып келгенде, мұның барлығы – түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерді одан кейінгі өмірге бейімдеу, яғни бостандыққа шыққаннан кейінгі қалыпты өмірге енуі үшін жасалатын іс-әрекеттер, – дейді Гүлнар Избагамбетова.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова басқарма басшыларына кееңесте көтерілген проблемалық мәселелер бойынша жазбаша ұсыныс енгізу туралы жеке тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру