Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбедегі түзеу мекемесінің қызметкерлері театр қойылымын тамашалады

Ақтөбедегі түзеу мекемесінің қызметкерлері театр қойылымын тамашалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесінің қызметкерлері Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрында болып, “Арамыз жылып қалар” қойылымын тамашалады.

Қызметкерлерді рухани-эстетикалық тәрбиелеу, бір-біріне деген сыйластықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жеке құрамның көңілінен шығып, тек қызмет барысында араласатын мекеме қызметкерлері бір уақыт театрда бас қосып, әдемі рухани демалыс сыйлағандары үшін қойылым әртістеріне ризашылықтарын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру