Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігін жасатпақ болған ақтөбеліктер алаяққа алданып қалған

Жүргізуші куәлігін жасатпақ болған ақтөбеліктер алаяққа алданып қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 сәуірде қалалық полиция бөліміне Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айының ортасында таныс емес әйел оған жүргізуші куәлігін ресімдеуге көмектесуге уәде берген, осы қызметі үшін 100 мың теңге сұраған. Бірақ ақша аударғаннан кейін ол уәдесін орындамады.

Көп ұзамай тағы бір ұқсас жағдай тіркелді, онда 34 жастағы ер адам сол әйелге дәл сондай ақшаны берген.

Осы фактілер бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 47 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті барлық қызметтерді мемлекеттік органдардан алу керектігін еске салады. Заңды тіркеу процедураларынан қашу  екі тарап үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертеді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру