Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық полицейлер өрт кезінде көппәтерлі үйдің тұрғындарын эвакуациялады

Көкшетаулық полицейлер өрт кезінде көппәтерлі үйдің тұрғындарын эвакуациялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 9 сәуірде Көкшетау қаласында болған. Шамамен 17.20 сағатта арнайы “102” желісіне Боровской шағын ауданы, 56 мекенжайында көппәтерлі үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Дереу оқиға орнына жақын маңдағы автопатрульдер мен жаяу нарядтар жіберілді.
Өрт сөндіру есебімен бірге үйге бірінші болып құрамында Көкшетау қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары Алтынбек Тәкенов, Арман Құттыбай және Дамир Амангелдин бар “Әскер 3” экипажы, сондай-ақ “Модуль 7” стационарлық бекетінде кезекшілікте болған Аян Қожантаев келді.

Күрделі жағдайды лезде бағалап, оттың таралу немесе күйдіргіш түтінмен улану қаупін сезіне отырып, тәртіп сақшылары тұрғындарды дереу эвакуациялай бастады. Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерінің есікті аша алмауына байланысты бірінші қабатта тұратын қарт әйел балкон арқылы эвакуацияланды. Қазіргі таңда оның өміріне ештеңе қауіп төндірмейді.

Өрт сөндіру бөлімі өртті жою жұмыстарын атқарып жатқанда полиция құтқару операциясын жалғастырды, патрульдік полиция күштері аумақты қоршап, оқиға орнында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша шаралар қабылдады.

Полиция мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің батыл және үйлесімді әрекеттерінің арқасында үйден 29 адам эвакуацияланды, зардап шеккендер мен жазатайым оқиғалардың алды алынды.

Өз кезегінде тұрғындар полиция қызметкерлеріне кәсібилігі мен жеделдігі үшін ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру