Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Борышкер” ЖАІШ: ШҚО-да 17 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді

ШҚО-да “Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 17 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында ЖҚЕ бұзушыларымен күреске бағытталған “Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды.

6-8 сәуір аралығында өңірлік тәртіп сақшылары прокуратура өкілдерін, жеке сот орындаушыларын тарта отырып, әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлерді анықтады.

– Іс-шараны өткізудің үш күні ішінде мемлекет бюджетіне 17 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды орындамағаны үшін мамандандырылған тұраққа 199 автокөлік орналастырылды, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Мәселен, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған адамды өткен аптаның соңында анықтады. ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимовтың айтуынша, полицейлер жалпы сомасы 200 мың теңгеден асатын 11 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген жүргізушінің басқаруындағы көлікті тоқтатты. Оның көлігі қарызды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қойылды.

Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы кезінде мыңнан астам азаматқа әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру