Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында есептегі сотталғандарға дін туралы айтылды

Ақтөбе облысында есептегі сотталғандарға дін туралы айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ырғыз аудандық пробация қызметі “Ихсан орталығы” ақпараттық қоғамдық бірлестігінің дінтанушы теолог маманы Ш. Қазиханмен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен “Теріс ағымның кері әсері”, “Дін және тәрбие” тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Кездесуде сотталғандарға жат ағымдар жөнінде мағлұматтар беріліп, діни-экстремизм турасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай- ақ, теолог мамандар пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған жастарды әлеуметтік желідегі дінге бағытталған түсініксіз ақпараттардан аулақ болуға, таратпауға шақырды.

– Кездесу іс-шарасының негізгі мақсаты – сотталғандар арасында теріс ағымның кері әсерін түсіндіру, діни сауаттылықты арттыру және дінге дұрыс көзқарас қалыптастыру. Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдардың сипатын және олардан сақтану жолдарын түсіндіру, – дейді Ырғыз аудандық пробация қызметінің инспекторы Бақдаулет Байдилдин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру