Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында үш бірдей көлік ұрлаған күдікті құрықталды

Қызылорда облысында үш бірдей көлік ұрлаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері қала орталығында орын алған көлікті айдап әкетудің үш дерегін ашты.

Наурыз айының 27 күні сағат 04:06 шамасында белгісіз адам көпқабатты үйдің ауласында тұрған Nexia көлігін белгісіз бағытқа айдап кеткен.

Дәл осы тектес дерек бойынша 11 сәуір күні Полиция басқармасына және Ақсай полиция бөліміне қала тұрғындары келіп, Шұғыла мөлтек ауданы аумағындағы көп қабатты тұрғын үй ауласында және жеке меншік үйдің алдында тұрған ресейлік нөмірлі Nexia көліктерінің есігін кілтпен іріктеу арқылы ашып, белгісіз бағытқа айдап кеткені жөнінде 102 арнасына шағымданған.

Дер кезінде полиция қызметкерлеріне іздеуге салынған көлік бойынша бағыт-бағдар берілді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің арқасында күдікті 26 жастағы облыс тұрғынын Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп құрықтады.

Айғақ зат ретінде ұрланған көліктер тәркіленді. Тергеу барысында осы деректерге қатысы бар басқа да адамдар тексерілуде.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру