Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қолжетімді полиция”: сіз өзіңіздің учаскелік инспекторыңызды білесіз бе?

Алматыдағы үйлердің бірінің ПИК төрағасы тәртіп сақшыларына кәсіби қызметі үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

50 учаскелік полиция пункті Розыбакиев көшесінде орналасқан. Розыбакиев – Өтепов – Ходжанов – Каблуков – Жароков – Гагарин көшелерінің алаңына үш учаскелік инспектор қызмет көрсетеді. Оған жауапты полицейлер Ерасыл Бұратаев, Диас Қасенов және Рүстем Тохтаев.

Олар аумақты аралап шығу, жергілікті бұзақылармен сөйлесу, жанұялық жанжалдарды шешу, аймақтағы қылмыстарды ашу сынды өздеріне міндеттелген жұмыстарын жүз пайыз орындайды.

Каблуков көшесіндегі үйлердің бірінің ПИК төрағасы тәртіп сақшыларына кәсіби қызметі мен жан-жақты көмегі үшін шексіз алғысын білдірді.

– Көптеген жергілікті тұрғындарда учаскелік инспекторлардың телефондары бар. Бүгінде олар үнемі байланыста, үй чаттарында отырады. Жалпы, ПИК-ОСИ төрағаларымен және тұрғындармен үнемі тікелей байланыста. Оның үстіне учаскелік инспекторлар әлеуметтік желілерде де белсенді, олардың ресми аккаунттары бар, соны азаматтармен тіл табысудың тиімді құралы ретінде пайдаланады, – дейді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру