Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ел аумағына заңсыз кірген шетелдікті ұстады

Түркістан облысының полицейлері ел аумағына заңсыз кірген шетелдікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-ның полиция қызметкерлері аудан аумағындағы шетелдіктердің тиісті құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау мақсатында жедел-профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады.

Осындай шара барысында полиция қызметкерлері Жетісай ауданы Атақоныс ауылында орналасқан шекарадан түнгі уақытта ҚР-ның аумағына заңсыз кірген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.

Тексеру кезінде шетел азаматының ҚР-на кіруге рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Ол шекараның сымдарын заңсыз кесіп өткен.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК-нің 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша тіркеді. Бүгінгі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Т

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру