Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер қалта ұрысын “ізін суытпай” ұстады

Ақтөбелік полицейлер қалта ұрысын “ізін суытпай” ұстады , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында “қалта ұрысын” ұстады.

13 сәуірде Қонаев көшесіндегі “Мега Шығыс” сауда үйінің жанындағы аялдамада 49 жастағы әйел адамның күртешесінің қалтасынан Samsung Galaxy смартфонын ұрлап кеткен.

Оқиға орнында күдіктіні Ақтөбе қаласы ПБ жедел алдын алу бөлімінің қызметкерлері “ізін суытпай” ұстады. 42 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру