Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыстың ашылуына көмектескен күзет агенттігінің қызметкері марапатталды

Түркістан облысында қылмыстың ашылуына көмектескен күзет агенттігінің қызметкері
марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында 59 жеке күзет ұйымдары тіркелген. Күзет агенттігінің қызметкерлері 2020 жылдың тоғыз айында Түркістан облысы Полиция департаменті полицейлерімен бірге 47 қылмыстың ашылуына мұрындық болған. Яғни, жалпы 251 әкімшілік құқық бұзушыны анықтап, 758 жеке тұлға ішкі істер бөлімдеріне жеткізілген. Күзетілетін объектілерде 70 ұрлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алған.

Мәселен, полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып ашылған қылмыстардың арасында, Түркістан қаласында қоғамдық резонансты тудырған құқық бұзушылық бар. Ол сауда орталықтарының бірінде алтын-зергерлік бұйымын белгісіз адам ұрлап кеткені туралы жайт. Аталған оқиға кезінде базар әкімшілігі «Көкжиек» ЖШС жеке күзет ұйымының күзетшілеріне хабарлаған. Оқиға орнына шыққан «Көкжиек» ЖШС жеке күзет ұйымының күзетшісі Қайрат Қалымбетов бейне-бақылау камералары арқылы күдіктіні анықтаған. Содан базар аумағынан күдікті әйелді ізін суытпай ұстап, ұрланған айғақты заттарды Түркістан қаласы ПБ-ның жедел-тергеу тобына тапсырған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелген.

Бұдан бөлек бейне-бақылау камералары арқылы «Көкжиек» ЖШС жеке күзет ұйымының күзетшісі Қ.Қалымбетовпен бірге бірнеше ұрлық қылмыстары ашылған.

Аталған жайттарды ескере отырып, Түркістан облысы Полиция департаменті Күзет қылмысын бақылау бөлімі «Көкжиек» ЖШС жеке күзет ұйымының күзетшісі Қайрат Қалымбетовты ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауына сәйкес марапаттады. Осы тұста «Көкжиек» Күзет агенттігі» ЖШС құрылтайшысы Инара Намазбаева, сондай-ақ осы күзет агенттігінің директоры Оразбай Қайназаров құттықтау тілектерін жеткізді. Адамдардың өмірін, денсаулығын және мүлкін құқыққа қайшы қолсұғушылықтан қорғауды қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін және күзет ұйымдары қызметкерлерінің күнін мерекелеуге байланысты алғыс хат табыстады.

Бүгінгі таңда 10 жылға жуық тәжірибесі бар күзетші өз қатарластарынан бір адым алда жүріп, оң нәтижелерге қол жеткізген өз ісінің шебері. Күндіз-түні тұрғындардың тыныштығы үшін адал еңбек етуде. Бұл марапат Қайрат Қалымбетовтың күнделікті атқаратын жұмысына үлкен демеу болмақ. Бүгінде отбасын құрып бір ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған қамқор әке.

Осылайша батылдық пен қаһармандыққа және қауіпті аймақтардан өтуге тура келетін және күн сайын өз өмірлерін қатерге тігіп, заңға бағынбай, азаматтардың қалыпты өмірі мен тыныштығын бұзатындарды ұстайтын ер азаматтарымызға құрмет көрсетіле бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру