Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жарысқа қатысушы және СГУ-дің көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

Алматыда жарысқа қатысушы және СГУ-дің көлік жүргізушілері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атап айтқанда, қалада жылдамдықты асыра айдап өтіп, осы заңсыз әрекеттерді әлеуметтік желіге салған “Toyota” көлігінің жүргізушісі туралы айтылып отыр.

– Өткен аптада интернет кеңістігін бақылау кезінде “Mercedes”, “Toyota Camry” және “Cadillac Escalade” көліктерінің жүргізушілері жол ережелерін өрескел бұзғандығы анықталды. Дереу анықтау шаралары жүргізіліп, нәтижесінде құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, “Mercedes-Benz”-тегі А.есімді 2000 жылы туған ер адам көлігіне арнайы жарық және (немесе) дыбыстық дабыл беру үшін құрылғыны заңсыз қондырған. Ол жақында ұсталды. СМУ алынып тасталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 230-бабы 2-бөлігі, 592-бап 3-бөлігі, 595-бап 1-бөлігі, 601-бап 2-бөлігі, 603-бап 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Осындай қылмыстың “Cadillac Escalade” автокөлігін басқарған Алматы тұрғыны – 2001 жылы туған Ж.азаматқа қатысты екендігі анықталды. Ол да құрылғыны арнайы жарық және (немесе) дыбыстық дабыл беру үшін заңсыз пайдаланған. Сонымен қатар, әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта қозғалған тәртіп бұзушы жол қозғалысы ережелерінің 2.4.3, 2.4.4, 7.13, 7.17 ережелерін бұзды,  ол ҚР ӘҚбК-нің 230-баптың 2-бөлігі, 590-баптың 1,7,9-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Айтпақшы, сағатына 165 шақырым жылдамдықты асырып, әлеуметтік желі арқылы мақтанған “Toyota Camry” жүргізушісіне қатысты да әкімшілік шаралар қолданылды. Мен жол қозғалысына қатысушыларға жол ережелерін қатаң сақтау туралы қала жолдарындағы мәдениеттің деңгейін көтеру және жазаның бұлтартпас қағидаты туралы тағы бір рет еске салғым келеді. Сонымен қатар, мен қоғамдық белсенділік танытып, заң бұзған жүргізушілер туралы хабар беріп, сол арқылы жалпы жол қауіпсіздігі мәселелеріне немқұрайлы қарамайтын азаматтарға алғыс айтамын, – деп қорытындылады Мұраталиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.