Масаң күйде көлік құралын басқару фактісі анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында заңды елемей, ішімдікке тойып, көлік басқарған адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қараша Шал ақын ауданы ПБ патрульдік полиция қызметкерлерімен далалы жолда Сухорабовка а. 30 жастағы тұрғынының масаң күйде көлік құралын басқару фактісі анықталды.
Медициналық куәландыру актісі жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екендігін көрсетті.
Ол 2018 жылы Ақмола облысының Бурабай аудандық сотымен үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған екен. Алайда бұл оқиға оған сабақ болмаған сияқты. Заңды елемей ол рөлге қайта отырған.
2020 жылғы қаңтардан ҚР Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізілді: 346-баптағы қылмыстық теріс қылық санаты құқық бұзушылық санатына өзгертілді. Заңды қатаңдату, ішімдікке тойып алып, рөлге отыратындардың тарапынан адамдардың өміріне қауіп төндірумен тікелей байланысты.
2020 жылғы қыркүйекте ауылдық Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық сотының шешімімен ҚР ҚК 346-бабының 1-б. өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Енді міне, екі ай өтер-өтпестен қайта ұсталды, тағы да масаң күйде.
Шал ақын ауданының тергеу судьясы күдіктіге қатысты екі айға қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. ҚР ҚПК 128-бабы тәртібімен ол ұсталып, Шал ақын ауданының ПБ УҰИ қамалды. Осы және басқа да көптеген жағдайлардан өзге де жол қозғалысына қатысушылардың да, кәмелетке толмаған балалары бар өз отбасының алдында да жауапкершілікті сезінбейтін үрдіс байқалады. Жыл басынан ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 69 материал енгізілді. Екі қаскөй құқық бұзушыға қатысты «қамаққа алу» бұлтартпау шарасы таңдалды.